Check the location and try again. Испанияның футбол клубы, ФИФА көрсеткіштері бойынша XX ғасырдың ең үздік клубы. Deloitte ұйымының көрсеткіштеріне сәйкес Реал әлемдегі ең көп қаражатты клуб болып табылады. 1902 жылы негізі қаланған сәттен бастап, Мадрид футбол клубы реал мадрид 2013 форманы қабылдады.

1920 жылы Альфонс XIII патшасы жарлығымен клуб корольдік деп, эмбеламада королдік тәжді қоюды бұйырды. Команда 85,454-адамға дейін сиятын — Сантьяго Бернабеу стадионы бар. Клуб ұзақ уақыт бойы көптеген командалармен бәсекелеседі. 1896-ші жылы кейіннен аты Реалға ауыстырылған Футбол скай клубы ашылды. Алайда ресми түрде Реалдың тарихы 1902 жылдың 6 наурызында Падрос және Хулиан Паласиостардың ашқан Madrid Football Club атты клубынан басталады. 1903 жылдың өзінде Испания кубогының финалына шығып, Бильбаолық Атлетик клубынан ұтылды. 1905-ші жылы Реал ақыры кубокты алып, кейін 4 жыл қатарынан жеңіп алды.

55 жылдардағы біріншілікті жеңіп, Еуропа чемпиондарының кубогында бірінші испандық делегат болады. Сол кезден бастап Реал еуропалық жоғары сатыда 5 жылға тұрақталады. Сөйтіп, олар 15 жыл қатар еуропалық ең престижді турниріне қатысқан, тек 1970 жылы ғана алғаш рет енбей қалады. Біртіндеп ардагерлер кету салдарынан, Еуропадағы жеңіс дәстүрлері жоғала бастайды. Эмилио Бутрагеньо бастаған жаңа буын келгенше, келесі самғауды 20 жылға жуық уақыт күтуге тура келді. Оның жақын сыбайластары Мичел, Уго Санчес, Маноло Санчис, Мартин Васкес және Мигель Пардеса болды.

Сурет:Best Club of the 20th Century. Стадион Сантьяго Бернабеу деп 1943-1975 жылдар аралығындағы Реал Мадрид президенті атымен аталды. Бернабеу жаңа стадион құрылысының бастаушысы болды. Ашушы ойын португалдық «Белененсиш» клубына қарсы достық ойынымен өтті, кездесу 1947 жылдың 14 желтоқсанында өтіп, Реал 3-1 есебімен жеңіске жетті. 1950 жылдарда Реалдың Еуропа чемпиондары Кубогында жақсы ойынының әсерінен, клубтың қаражаты өсіп, стадион сыйымдылығын 12500 орынға көбейтуге мүмкіндік туды.