Банк сөзі banco деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас столы дегенді білдіреді. Бұл траст бет столы тауарлармен сауда жасалатын аландарда құрылады.

Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Егер кәдуілгі кәсіпорын қызметінде ақша төлем рөлін атқарса, ал Банк қызметінде ол тауар орнына жүреді. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар және қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен.

Алғашкы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді. Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Банк қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс калмады. Банктер ез кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды.

Ендеше, осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны таңғалдырады. Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк ұғымына мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк ірі несиелік мекеме ретінде сипатталады. Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде — феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының ей мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады. Алғашқы Банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейінірек Германия мен Нидерландтың сауда орталықтарында пайда болды.

Банк ісінің ілгері дамуына, әсіресе, 1716—1720 жылы Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Ол алғаш рет ақша эмиссиясын жүзеге асырды. Ресей империясының кредит жүйесінің бір бөлігі болған Қазақстанның кредит желісі мемлекеттік банкінің бөлімшелерінен, акционерлік коммерциялық банктердің филиалдарынан, сондай-ақ кредит кооперациясынан және ұсақ кредиттің басқа да мекемелерінен құралды. 1991 жылы басталған Банк реформасының нәтижесінде қос деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Банк жүйесінің, маңызды элементі — банктер болып табылады.

Банктік қызмет — бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. III ғасырда айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға жақындайды, бірақ та банктің толық Мәні әлі де болса жұмбақ болып қала бермек. Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңи және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы банктік операциялар ұғымының маңызы артады.

Жағынан алсақ та банктің мәнін заң тұрғысынан карау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып саналады. Ежелгі Русьте кәсіпорын деп қандай да бір іспен немесе қызметпен айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен айналысатын банк сияқты субъектіге банк — бұл кәсіпорын деп айту, өзінше дұрыс нәрсе.